Шетелдік және Қазақстандық жетекші ЖОО жетекшілері өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік және Қазақстандық жетекші ЖОО жетекшілері өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Шетелдік және Қазақстандық жетекші ЖОО жетекшілері өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Астана. 10 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін"" - Шетелдік және Қазақстандық жетекші ЖОО жетекшілері өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 612
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті. Ондағы мақсат — отандық және батыстық университеттер арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа жұмыс регламентімен таныстыру.

Кездесуге әлемдік білім кеңістігінде танымал Лондон Сити университеті, Лондон Король колледжі, Ноттингем университеті, Уорвик университеті сияқты барлығы Ұлыбританияның 23 ЖОО және атақты түлектерімен даңқы шыққан Карлов университеті, әлемдегі жетекші техникалық оқу орны саналатын АҚШ Рочестер Технологиялық институты, беделді тіл мектебі — Каплан Аспект өкілдері қатысты.

— Кез келген елдің білім беру саласының сапалы дамуы әлемдік кеңістікке кірігу арқылы жүзеге асады, — деп атап өтті Ж. Түймебаев. — Қазақстанда осы бағытта он бес жылдан бері президент Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы жұмыс істеп келеді. «Болашақ» — бұрынғы кеңес елдерінің кеңістегіндегі шетелде тегін оқуға мүмкіндік беретін тұңғыш бағдарлама.

Болашақтықтар шетелде білім алып, халықаралық тәжірибемен танысып қана қоймай, өз елімізді де сыртқа таныстырады. Олар елге халықаралық экономика, саясат, мәдениет және т.б сала ерекшеліктері мен кәсіптік стандарттарын білетін дайын маман болып оралады. Терең білім мен жаңаша ойлау олардың қолға алған істерінде жетістікке жетуіне көмектеседі. Ал, бірнеше шет тілін меңгеру көпұлтты ортада тиімді қызмет етуге ықпалдасады.

ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Аида Сағынтаева жиналғандарға өзі басқарып отырған құрылымның негізгі қызметтері мен конкурстық іріктеудегі жаңа талаптармен таныстырды.

Басқосу шеңберінде «Болашақ ЭКСПО: Еуропа мен АҚШ-та білім алу» деп аталатын көрме ұйымдастырылып, оған университет бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдары және аталған елдер ЖОО-на түсу талаптары орналасты.

Кездесу қорытындысы бойынша шетелдік және отандық оқу орындары арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар