Шетелдік жігіттер қыздардың әуретті жерін сүюден ұялмайды - астаналық бойжеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік жігіттер қыздардың әуретті жерін сүюден ұялмайды - астаналық бойжеткен

Шетелдік жігіттер қыздардың әуретті жерін сүюден ұялмайды - астаналық бойжеткен

Қазақ жігіттерінің қыздарды төсекте толыққанды қанағаттандырғысы келмеуі олардың нашарлығын білдіреді.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 26704
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы колумбиялық жігітпен Израильде жүріп танысқан Ұлпан есімді қыз “NewTimes.kz” басылымына берген сұхбатында айтты. 

26 жастағы қыз аталған елге мемлекеттік бағдарламамен біліктілігін арттыру үшін барған. “Алғаш рет оны әуежайдағы трансфер кезінде көрген болатынмын. Кенет бір топ адамның ішінде тұрған жігіт маған қол бұлғады. Ол Алехандро еді. Мен жанына барып, екеуіміз жақсы сөйлесіп кеттік. Бастапқыда мені қатты ұялтып, тым көп сұрақ қойып жіберді. “Қалай ұшып келдің?”, “Шаршадың ба?”, “Ұйқың қанды ма?”, “Қарның ашты ма?” сынды сұрақтар қойды. Бізде әдетте бейтаныс адамдар бұлай сұрамайды ғой”, – дейді Ұлпан.

Алайда осы сұрақтардың арқасында астаналық бойжеткен оның қамқоршыл жігіт екенін байқаған. “Топтағы адамдардың барлығы латынамерикалық әрі испан тілінде сөйлесетін еді. Бірақ Алехандро олардан мені ұмытпай, арасында ағылшын тілінде сөйлесуді сұрады. Мен өзім – интровертпін. Ол мені осы қажетсіз ұяңдықтан арылтуға тырысатын. Бір кешкі отырысқа иығы ашық кеудеше киіп бардым. Қатты ыстық болса да, әлгі кеудешеммен жүруге ұялып, сырт киімімді шешпедім. Ол осыны байқап қойған екен. Кетер кезде “Бірнәрсе жасағың келсе, ешкімге қарама. Бұл әрекетің арқылы сен ешкімге жамандық жасап жатқан жоқсың. Қалай жүретінің – ол өз шаруаң. Бұл киім ұнағандықтан сатып алып отырсың. Олай болса оны ерекше мақтанышпен ки” деп айтты. Бізде керісінше “Ұят болады!” деп бірден тап береді емес пе? Өзің ұялып отырғанда, түрлі себептер тауып береді”, – дейді Ұлпан.

Бірінші күні Алехандро Ұлпанмен тереңірек тақырыптарда сөйлесіп, бірден жақын араласқысы келген екен. Алайда Ұлпан бұған рұқсат бермеген. Кейін оны сүйіп қалғанын түсінген.

“Төртінші күні оны ұнатып қалғанымды түсіндім. Оның әзілдей білетіндігі ұнайды. Маған оның жанында жүрген ыңғайлы. Уақыт өте келе ұяңдығым басылды. Бізде жігіттер ұсыныс білдірсе, қыздар қашқақтай бастайды. Ал қыздар бірінші болып қадам жасаса, жігіттер өзімшілдікке бой алдырады. Алехандромен мұндай жағдайлар болған емес. Мен өз сезімімді оған ашық білдіріп жүрдім. Оның іштей мен туралы “ессіз ғашық болған ақымақ” деп ойламайтынына көзім жететін еді. Бір күні Алехандроға хат қалдырдым. Ол хаттан кейін көзіне жас келіп, жылап алған екен. Ал қазақ жігіттері жыласа да жасырып қалатын еді. Мен барлық қазақ жігіті жаман деп айта алмаймын. Бірақ, мұндайлар сирек екені рас. 30-дан асқан біздің жігіттерден мұндайды күтпесек те болады. Біздің 30 жастағы жігіттер ағаға айналып, үйленіп, кеңседе жұмыс істеп, джип сатып алып, көп балалы болып, әйелдеріне опасыздық жасап үлгергілері келеді”, – дейді Ұлпан.

Бойжеткеннің айтуынша, латиноамерикалық жігіттер қазақ жігіттерімен салыстырғанда, әйелдердің тұлғалық қасиетін ашуға тырысады екен. “Ол барлық қыздарға құрмет көрсете біледі. Кештердің бірінде африкалық қыз ұлттық би биледі. Біздікілер мұны ұятқа балайтын еді. “Ол өз-өзінен жатыр. Қандай тамаша” деп айтты. Арасында ол мен үшін ақша төлеп жүрді. Бірақ, негізінен барлығына өзім төлеп отырдым. Бізде жігіт ақша төлесе, сенен төсек қатынасын талап етеді деген ой қалыптасып қалған. Сол себепті, өзімді жайсыз сезініп жүрдім”, – дейді Ұлпан.


Мұнымен қатар, бойжеткен шетелдік жігітінің төсек қатынасында қандай екенін айтып берді. “Бұл жігітте белгілі бір нанымдар, қатып қалған қағидалар жоқ. Мысалы, біздің жігіттер әйелдерінің әуретті жерлерін сүюге намыстанады. Ал мұндайға Алехандроның көзқарасы басқа. Ол 35 жаста. Өзіне сенімді, ашық. Австралия, Жапония, Индонезия, Германия, Мысыр сынды мемлекеттерде болып үлгерген”, – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар