Шетелдіктер Алматы әуежайында такси жүргізушілері адамның мазасын алатындығына шағымдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдіктер Алматы әуежайында такси жүргізушілері адамның мазасын алатындығына шағымдануда

Шетелдіктер Алматы әуежайында такси жүргізушілері адамның мазасын алатындығына шағымдануда

Шетелдіктер Алматы әуежайында таксистер адамның мазасын алатындығын айтып шағымдануда.

  • 21 Қазан 2015
  • 686
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимур Дүйсенғалиев мәлім етті.

«Қазақстанға ұшып келетін әрбір екінші шетелдік таксистердің адамның мазасын алу кері әсер тудыратынын алға тартуда. Осыған байланысты бұл үдерісті өркениетті арнаға келтіру үшін әуежай басшылығымен, Алматы Ішкі істер департаментімен бірлесе қандай да бір кешенді шешім қабылдануы тиіс»,-деді ол.

Сонымен қатар әкімдіктегілер әуежайдан тікелей шығатын шаттл-бастардың жоқтығын атап өтті.

«Кез келген шетелдік турист автобустардың біреше тұрағы болады деп пайымдайды, яғни олар бұл автобустар арқылы бірнеше бағдарды таңдау мүмкіндігіне ие болғысы келеді. Бұл тұрғыда күрделі жұмыстарды атқару қажетілік етеді, яғни қонақ үйлерге жүретін осы бағдарларды қарастыру шаралары қамтылуы керек. Осы жұмыстардың барлығын мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде іске асырып, біздің бес жұлдызды қонақ үйлер мен нарықтағы барлық қатысушыларды тарту керек»,-деді ол.

Осы орайда Алматы әуежайы еліміздегі негізгілердің бірі екенін, Қазақстанға сапарлайтын әрбір бесінші турист бірінші кезекте Алматыға ұшып келетінін атап өтті. 


Соңғы жаңалықтар