"Шетелдіктер елімізде бизнес ашса, қанша пайыз салық төлейді": Журналист өзге ел азаматтарына салықты күшейтуді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 506.7
  • 593.14
-10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шетелдіктер елімізде бизнес ашса, қанша пайыз салық төлейді": Журналист өзге ел азаматтарына салықты күшейтуді талап етті

"Шетелдіктер елімізде бизнес ашса, қанша пайыз салық төлейді": Журналист өзге ел азаматтарына салықты күшейтуді талап етті

Белгілі журналист Кәмшат Тасболат шетелдіктердің қанша салық төлейтінін айтып, Салық кодексінің оларға да күшейтілуін талап етті.

  • 22 Қаңтар
  • 3
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қайтадан салық кодексін қараймыз деп жатыр екен. Осы шетелдіктер, әсіресе ресейліктер елімізде бизнес ашса, қанша пайыз салық төлейді екен? Оларға да салық көлемі ұлғайтылды ма?

Өкінішке қарай, Украинада соғыс басталғалы елімізде ресейлік бизнес қаптады. Олар тікелей болмаса да жанама түрде отандық бизнестің жабылуына, тоқырауына әсер етіп жатқан жоқ па? Мәселен, бұрын Мегада отандық косметика дүкені — Beautymanya бар еді, жанында ресейлік Золотое яблоко ашылғаны сол еді, көп ұзамай отандық бренд өкілдігі жабылды.

Алматыдағы Мегада Happilon ойын-сауық орталығы бар еді, соның орнына Teikaboom by ксения Бородина деген ашылыпты. Бұл баяғы “Дом-2” деген жобаны жүргізген атышулы тележүргізуші, Қазақстанның ірі мегаполисінде ойын-сауық орталығын ашып алыпты. Оны биыл Алматыға барғанда білдік. Ондағы тілдің жағдайы айтпаса да түсінікті, кассада бірыңғай орысша сөйлейтіндер отырған біз барғанда…

Енді Астанадағы Happilon да жабылды. Орнына ресейлік жоба келмесе екен деп тілеуден басқа амал жоқ… Себебі олар тіл заңын қаншалықты орындайды? Сосын байқайсыз ба, ресейлік котофей сияқты түрлі дүкендерде де негізінен орысша сөйлейтін кассирлер қызмет көрсетеді. Бірде ескерту де жасадым. Жалпы, 20 млн халқы бар елде 20 мыңнан астам көрші елдің бизнесі болғаны көп емес пе? Бұл экономикалық, ұлттық, идеологиялық қауіпсіздікке нұқсан келтірмей ме? Шетелдіктерге салықты көбейту жағы қалай боп жатыр екен? Хабары бар азаматтар бар ма?», — деп жазды ол.