Шетелдіктердің қатысуымен құрылған компанияларда ҚР еңбек заңын бұзу оқиғалары жиі тіркелуде - Конституциялық кеңес - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдіктердің қатысуымен құрылған компанияларда ҚР еңбек заңын бұзу оқиғалары жиі тіркелуде - Конституциялық кеңес

Шетелдіктердің қатысуымен құрылған компанияларда ҚР еңбек заңын бұзу оқиғалары жиі тіркелуде - Конституциялық кеңес

Еліміздегі шетелдіктердің қатысуымен құрылған компанияларда ҚР еңбек заңын бұзу оқиғалары жиі тіркелуде . Бұл туралы бүгін, 20-маусымда Астанадағы парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Юрий Хитрин депутаттарға оқып берген ҚР Конституциялық кеңесінің "Қазақстандағы конституциялық ахуал туралы" жолдауында айтылған.

  • 13 Маусым 2003
  • 686
Фото - Caravan.kz

Жолдау мәтінінде атап көрсетілгеніндей, «шетелдіктердің қатысуымен құрылған компанияларда, әсіресе шетелдік компанияларда жұмыс беруші тарапынан еңбек келісім-шартынан заңсыз бір жақты бас тарту, кейбір кәсіпорындарда еңбекақы төлеуде алалаушылық таныту оқиғалары » жиі ұшырасуда. ҚР еңбек туралы заңын бұзу деректері арасынан жеке еңбек шартына мүлдем қол қоймау, немесе оны талапқа сай рәсімдемеу, шарттың тым қысқа мерзімділігі , қызметкерлерді заңсыз жұмыстан босату, айлық жалақыны төлеу мерзімін кешеуілдету, жұмыс түрлерін бөлісу саласында алалаушылыққа жол беру, жұмыс және демалыс уақытының режимін қадағаламау, қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерін бұзу тәрізді қайшылықтар жиі орын алуда»,- делінген құжатта.

Конституциялық кеңестің мәліметтері бойынша, тиісті құзырлы мекемелер тарапынан жүргізілген тексерулер нәтижесінде еңбек заңын бұзу дерегі 129 мың 651 мәрте тіркелген. «Еңбек қатынастары саласында қалыптасып отырған мұндай ахуал — осы саладағы құқықтық реттеудің осалдығын, оны терең зерттеп талдау қажеттігін, соған сәйкес заңдық реттеу және еңбек құқығы нормаларын пайдалану салаларының қай-қайсысында да тиісті шаралар қолдану қажеттігін айғақтайды «,- делінген құжатта.