Шетпедегі тәртіпсіздікке қатысты сотталғандардың жазасы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетпедегі тәртіпсіздікке қатысты сотталғандардың жазасы өзгерді

Шетпедегі тәртіпсіздікке қатысты сотталғандардың жазасы өзгерді

Сотталған шетпеліктердің жазасы өзгерді. Үкімді қайта қараған Жоғарғы сот екі  азаматтың жылын азайтып, ал біреуін бостандыққа жібермек.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 280
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзеннен басталған шу Шетпе станциясында жалғасқан-ды. Наразылық білдіргендер теміржолды жауып полициямен қақтығысқан еді. Салдарынан ереуілшілерге қолдау көрсетіп солардың арасында жүрген Шетпедегі өрт сөндіру қызметінің сержанты қаза тапты. Ал былтыр жазда ереуілді ұйымдастырды  деп айып тағылған 11 азамат темір торға тоғытылды. Шешіммен келіспеген жетеуі апелляция бергенімен ол өзгеріссіз қалған болатын. Алайда, үкімді қайта қараған Жоғарғы сот 7 жылға сотталған Қажымұрат Әуезовтың жазасын 4, ал Ғабиден Бақытжановтың мерзімін 3 жылға азайтты. 5 жылға темір торға жабылған Ержан Мәмбетов болса рақымшылыққа ілінген. Жақында бостандыққа шықпақ. Жазасы жеңілдегендердердің үшеуі де ереуілге қатысқандарын мойындаған. Бірақ қақтығыстың ұйымдастырушылары болмағандықтан жазасы жеңілдетіліп отыр. 


Амангелді Рысқалиев, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы:

— Ұйымдастырушылар емес, бірақ сол тәртіпсіздікке қатысқан. Екеуі белсенді түрде қатысқан. Қарсылық көрсеткен-құқық қорғау өкілдеріне.