Шеттен келген қандастар оралмандарды Астанадағы пәтер кезегінен алып тастауға наразы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шеттен келген қандастар оралмандарды Астанадағы пәтер кезегінен алып тастауға наразы

Шеттен келген қандастар оралмандарды Астанадағы пәтер кезегінен алып тастауға наразы

Ондаған жыл бұрын елге оралған Әмзебек Жұмабекұлы оралмандарды Астанадағы тегін пәтер кезегінен алып тастау туралы ұсынысқа мүлдем қарсы. Бұл онсыз да түрлі қиындықтарға тап болып жүрген шеттен келетін қандастарға жасалған қысастық, тіпті қазаққа жаны ашымастың ісі, деп есептейді.

  • 18 Мамыр 2017
  • 1269
Фото - Caravan.kz

Жалпы күйшілігімен елге танылған Әмзебек Жұмабекұлы әзірге ұсыныс күйінде түскен үй кезегі жайлы мәселеден соң өз басынан өткен қиындықтарға да тоқталды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы. 

— Кедергі атаулыға тап болып жүрген үнемі шетттен келген қандастар. Елге келгелгі мен де қиындықтан айналып өте алмадым.

Өз басым Қытайдың Іле Қазақ облысы, Тоғызтарау ауданы, Мұздыбұлақ ауылында дүниеге келгем. Маған екі есім қойылған. Бірінші атым Дінмұхаммед, екінші атым Әмзебек. Таласып екі молда қойған ғой кезінде. Қытайда Дінмұхаммед деп боқтап қояды деп құжатқа екінші атты жазған. Сол атымды осы жақта Дінмұхамедке аудара алмай қойдым. Алматы облысына қарасты Есік қаласындағылар құжатқа есімімді өзгертіп бермей қойды. Ол тұрмақ жеке куәлікке әкемнің атын қоспай қойды. Қазір менде әкемнің аты жоқ. Болмайды дейді. Болмайды деген соң амал қанша. Не істей аламын оларға.

— Әкімшілікке қатты өкпем бар. Тіпті айтқым да келмейді. Шыны керек он жылдан бері әкімнің бетін әлі көрген жоқпын. Сан мәрте іздеп бардым. Әкімдіктің күзетшілері кіргізбейді. Жеті баламмен келдім, жер бер, қалай күн көремін деп ақылдасайын десем, ешкім ештеңе сұрамайды. Үкіметке керегіміз жоқ. Әлі күнге дейін ешкім сұраған емес.

Әмзебек Жұмабекұлы көпшілікке күйші, сынықшы, сонымен қатар емшілігімен де танымал. Қазірдің өзінде 200 ден артық күй біледі.

— Көбі халықтың күйлері. Өзім шығарған күйлер және бұрын еш жерде орындалмаған шығармалар да бар. Күй орындаудағы қол қағыстарыма, орындауыма қарап «Қытайдан келген бауырымды көргім келеді» деп Секен Тұрысбеков іздеп келіпті. Он бес күн қасымда жүріп, күйлерімді тыңдады, дейді қандасымыз. 


Қытайдағы талай ұлттық мұраларды жатқа білетін Әмзебектің өз жанынан шығарған он алты күйі бар.Әйтседе жақсы домбыраға жарымай жүргенін айтады. Аспап жасататын жақсы шебер табуға уақыт жетпейтін көрінеді.

— Жатқа білетін күй көп. Қоса берсең тіпті  таң атқанша шертуге болады. Тәттімбеттің Сарыжайлауын 4 бөліп шертуге болады, аққуды 6-ға бөліп тартуға болады. Секен өзі таң қалды, рас деді. Қазір Құрманғазы оркестірінде орындалып жүрген «Сағыныш» деген күйім бар.

— Алтын ине салып, адам емдеп елде 10 жылдан артық тер төктім. Қазір бұрын көп болмаған аурулар көбейіп келеді, себебі Қытайдан келетін тағамдар мен киімдер зиянын тигізіп жатыр. Олар бізге уын таратып жатыр. Осыны өзге қазақтар білсе екен, сақтанса екен деймін.

Өз басым қанша қиындық көрсем де, ең бастысы балаларымды Қытайға қор қылмай елге әкеп алғаныма қуанамын. Өлсек те өз елімдеміз, дейді Әмзебек Жұмабекұлы.

Соңғы жаңалықтар