Шілдеде еліміздегі бірқатар коммерциялық банктер акционерлердің жалпы жиналысын өткізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шілдеде еліміздегі бірқатар коммерциялық банктер акционерлердің жалпы жиналысын өткізбекші

Шілдеде еліміздегі бірқатар коммерциялық банктер акционерлердің жалпы жиналысын өткізбекші

Шілдеде еліміздегі бірқатар коммерциялық банктер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізбекші .

  • 30 Маусым 2003
  • 691
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 28-шілдеде «ТұранӘлембанкі» ААҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді. Отырыстың күн тәртібінде банкке синдикаттық несие тарту мәселесі қаралады деп межеленген.

Ал 29-шілдеде «АТФБанк» ААҚ-ның акционерлері бас қосып, облигациялардың үшінші эмиссиясын шығару және банк жарғысының жаңа мәтінін бекіту мәселелерін талқылайды.
30-шілдеге белгіленген Қазкоммерцбанк акционерлерінің жалпы отырысының күн тәртібіне бірнеше мәселе шығарылады. Атап айтсақ, «Қазкоммерцбанк» ААҚ атауын АҚ болғызып өзгерту, банк жарғысының жаңа мәтінін бекіту, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің жаңа сандық құрамын анықтау, директорлар кеңесінің қазіргі құрамының толық құқылы мерзімін уақытынан бұрын аяқтау, директорлар кеңесінің жаңа құрамын бекіту мәселелері қаралады. Сонымен бірге, банк үшін мүдделі сауда-саттық келісімдерін жүзеге асыру мәселесі де күн тәртібіне қойылып отыр.
«ТұранӘлембанкі» мен «Қазкоммерцбанк» еліміздегі банк рыногіндегі жетекші қаржы институттары болып саналады. Ал «АТФБанк» Қазақстандағы ірі банктер бестігіне қамтылатын банк.

Соңғы жаңалықтар