Шілдеден бастап 2 млн. астам адамның зейнетақысы өседі - Дүйсенова - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шілдеден бастап 2 млн. астам адамның зейнетақысы өседі - Дүйсенова

Шілдеден бастап 2 млн. астам адамның зейнетақысы өседі - Дүйсенова

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді.

  • 14 Наурыз 2017
  • 909
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен артатын болады. Сонымен бірге биылдан бастап балаларға берілетін жәрдемақы да өскелі отыр. Осыған орай назарларыңызға ұсынылып отырған заң жобасында бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде. Бұл ретте, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері жылдың басында артқан 9 пайызды ескергенде, қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері жылдың басында артқан 7 пайызды ескергенде, қосымша 13 пайызға ұлғайтылмақ. Нәтижесінде,  2016 жылмен салыстырғанда, зейнетақы көлемін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Осы орайда 2 миллионнан астам адам қамтылады»,-деп атап өтті Дүйсенова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 60 167 теңге болса, ал 1 шілдеден 67 мың 41 теңгені құрайды, яғни 7 мың теңгеге өседі.


Бұдан бөлек министр 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгеретінін жеткізді. Жаңа тәсілге сай, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады. Алдағы жылдың шілдесінен зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылға қарағанда 45%-ға өседі деп күтілуде.  

 

Соңғы жаңалықтар