Жарияланды: 610

Шілдеден бастап автокөлікті кедендік рәсімдеуде жеңілдік болмайды

Шілдеден бастап автокөлікті кедендік рәсімдеуде жеңілдік болмайды

Былтыр Қазақ Үкіметі шетелден тасымалданатын автокөліктерді жеңілдетілген жолмен әкелу үшін арнайы қаулы қабылдаған. Соның арқасында ел азаматтары шетелден көлік сатып-ап, кеденнен өткізгенде, салықты барынша аз төлеп келді.

Осылайша Кедендік одаққа кірген еліміз өз азаматтарының мүддесін қорғап, бір жыл бойы жеңілдік жасады. Кедендік бақылау комитетінің хабарлауынша, өткен жылдың 1-ші шілдесінен бастап, биылғы жылдың 27-ші мамырына дейін ел аумағына 126 мың 153 автөлік жеңілдетілген кедендік рәсімдеу арқылы әкелінген. Ал бюджетке төленген салықтың көлемі 33 миллиард теңгеден асты. Енді шілде айынан бастап автокөлікті кедендік рәсімдеуде жеңілдік болмайды. Ержан Байтанаев, ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі: Былтырғы жылдың 1-ші шілдесінен бастап 1 жыл бойы жұртшылық жеңілдетілген кедендік рәсімдеумен көлік құралдарын Қазақстанға алып келді. Бірақ 2011 жылдың 1-ші шілдесінен бастап ол тоқтатылады толықтай, бірыңғай кедендік тарифпен рәсімделеді. Сонымен қатар енді алдын ала кедендік рәсімдеу жүргізілмейді. Азамат затты немесе көлікті өзімен бірге алып келіп, кеден өкілдеріне көрсеткен соң ғана, кедендік рәсімдеу, декларациялау жүргізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть