Шілдеден бастап газ бағасы өзгереді: Халық пен бизнесті не күтіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шілдеден бастап газ бағасы өзгереді: Халық пен бизнесті не күтіп тұр

Шілдеден бастап газ бағасы өзгереді: Халық пен бизнесті не күтіп тұр

Қазақстанда бизнес пен майнинг компанияларына арналған көтерме баға қайта есептелді.

  • 23 Мамыр
  • 17
Фото: Gazprom.ru

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда тауарлық газдың жаңа шекті көтерме бағалары күшіне енеді. Халық пен бизнесті қандай өзгерістер күтіп тұр? Caravan.kz медиа порталы жалғасытарады.

Бұл туралы Энергетика министрлігі арнайы бұйрық шығарды. Жаңа ереже 2026 жылдың 30 маусымына дейін қолданыста болады. Жаңа бағалар ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнингпен айналысатын компанияларға қатысты болады. Ал халық үшін бөлшек тарифтер жеке бақылауда қалады. Басты назарда, әдеттегідей, әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау.

Төменде аймақтар бойынша бекітілген бағалар келтірілген (мың текше метрге шаққанда, теңгемен және АҚШ долларымен):


• Алматы және Жетісу облысы — 76 686 теңге ($151,2)
• Астана және Ұлытау облысы — 72 846 теңге ($143,6–143,7)
• Шымкент және Түркістан облысы — 71 122 теңге ($140)
• Жамбыл облысы — 70 639 теңге ($139,3)
• Қарағанды облысы — 72 846 теңге ($143,6)
• Қостанай облысы — 62 951 теңге ($124,1)
• Қызылорда облысы — 59 179 теңге ($116,7)
• Маңғыстау облысы — 57 649 теңге ($113,7)
• Батыс Қазақстан облысы — 55 365 теңге ($109)
• Ақтөбе облысы — 54 933 теңге ($108)
• Атырау облысы — 41 993 теңге ($82,8)
• Шығыс Қазақстан облысы — 13 069 теңге ($25,8) — бұл елдегі ең төменгі баға

Осылайша, аймақтар арасындағы баға айырмашылығы әлі де елеулі. Бұл жағдай логистика, сұраныс көлемі және жергілікті газ өндіру мен тұтыну ерекшеліктеріне байланысты. Ең жоғары тарифтер оңтүстік өңірлер мен мегаполистерде орнатылған, себебі мұнда газға сұраныс жоғары.

Үкімет бұл реформаның қарапайым халыққа тікелей әсер етпейтінін атап өтті. Тұрғындар үшін тарифтер бөлек қалыптасады және әлеуметтік саясат пен субсидиялау тетіктері ескерілетін болады.