Жарияланды: 420

Шілденің алғашқы жексенбісінде «Нұрсұлтан- 2011» альпиниадасы бастау алады

Шілденің алғашқы жексенбісінде «Нұрсұлтан- 2011» альпиниадасы бастау алады

Алматыда 3-ші шілдеде «Нұрсұлтан- 2011» альпиниадасы мен «тік шақырым» атты жоғарыға жүгіру бойынша жарыс басталады, деп қала әкімшілігінен хабарлады.

«Шара халықты белсенді тынығудың түріне тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады», - делінген хабарда. Дүйсенбі күні таратылған хабарда айтылғандай, шара бағдарламасында – «Нұрсұлтан» (4376 м) шыңына бірден, күрделігі 2А, 2Б, 3Б, және 4А болатын 4 маршрутпен өрмелеп шығу бар. «Оған барлық қалаушылар қатыса алады», - делінген хабарда. Шараның ұйымдастырушылары Алматы әкімшілігі мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін