Соның 150 миллион теңгесіне спорттық алаңдарды салу және 100 миллионына жабдықтарды сатып алу жоспарлануда.
Аймақта денешынықтыру құрылыстары динамикалық даму үстінде. Ауылдық жерлерде 1878 спорт нысаны қызмет етуде, соның тоғызы стадион, 13-і кешен, 317 зал, 29 хоккейге арналған шағын алаң, үш жүзу бассейні, 99 ату тирі бар.
Олардың спорттық құрылғылармен жабдықтану проблемаларын алдағы жылы шешу жоспарлануда.