"Шіріген сорлы": Айгүл Орынбек блогер Сабина жайлы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шіріген сорлы": Айгүл Орынбек блогер Сабина жайлы мәлімдеме жасады

"Шіріген сорлы": Айгүл Орынбек блогер Сабина жайлы мәлімдеме жасады

Заңгер Айгүл Орынбек блогерді қорғайтынын айтты.

  • 4 Қараша
  • 367
ФОТО: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айгүл Орынбек блогерді белгісіз біреулер қаралап жатқанына ашынып, істі өзі қолға алатынын айтты.

«Оңбаған, надан қатыгез қоғам!

Қыздарыңды жылатып оңбайсыңдар, ертең өзіне қол жұмсаса не істейсіңдер?!

Өсек пен төсектен аса алмайтын сорлы надандар!

Тоқтасаңдаршы болды ғой, пікір жазып отырғандардың бәрі еркек!

Еркек деген аттан садаға кеткірлер!

Сабина бір аптадан бері ақталып , ол видеода да өзі емес екенін айтып жылап отыр.

Адамның өзіне сенбейтін қандай қоғам болып бара жатырмыз?!

Қайда біздің буллингпен күрескіш пагондағылар?

Бізде мына заңсыздықтарға нүкте қоятын біреу бар ма?

Сабина көтер басты, ел алдында жүрген соң аяқтан шалу болады!

Сені қорлаған скриншоттарды жібер, біртіндеп тұрып арыз жазып, жазасын береміз!

Бұл қоғамда санасы төмен, ұятсыз надандар көп өкінішке орай!

Өз қыздарын бағаламайтын, қыздардың жарқырап жүргенін көре алмайтын шіріген сорлылар!», деп жазды.