ШҚО-да аз қамтылған отбасылардан шыққан 9,5 мың баланың құқықтары қорғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да аз қамтылған отбасылардан шыққан 9,5 мың баланың құқықтары қорғалды

ШҚО-да аз қамтылған отбасылардан шыққан 9,5 мың баланың құқықтары қорғалды

2024 жылдың 4 сәуірінде ШҚО прокуратурасы аз қамтылған отбасылардан шыққан 9 501 баланың, сондай-ақ 11 бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады

  • 4 Сәуiр
  • 34
Zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомстваның мәліметінше, талдау барысында мектеп асханаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (әлеуметтік көмек алатын, жетім, толық емес отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б.) және мемлекет есебінен тамақтанатын оқушылардың тамақтану нормалары (11-18 жас аралығындағы оқушылар 7-10 жастағы балалардың нормаларымен тамақтандырылған) заңсыз төмендетілгені анықталды.

«Мысалы, 11-14 жас аралығындағы оқушыға арналған нанның нормасы күніне 35 грамм, ал 15-18 жас аралығында-күніне 40 грамм болуы тиіс, іс жүзінде балаларға нормадан 2 есе аз, яғни, күніне 20 грамм (6-10 жас нормасымен) нан берілген.»Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы