ШҚО-да шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні жарияланды

ШҚО-да шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні белгілі болды. Бұл мәліметті Еңбек және халықты қорғау министрлігі жариялады

  • 1 Қыркүйек
  • 3
Сурет: pxfuel

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды.

«Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. Министрлік ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады». ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар төрт жұмысшының денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС қызметкерлері:

  • ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;
  • ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;
  • ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмысшысы, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады.