ШҚО-да үлескерлердің 1,8 млрд теңгесін жымқырғандар қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 527.3
  • 544.86
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да үлескерлердің 1,8 млрд теңгесін жымқырғандар қамауға алынды

ШҚО-да үлескерлердің 1,8 млрд теңгесін жымқырғандар қамауға алынды

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты.

  • 5 Қаңтар
  • 3
Фото: gov.kz

Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге жымқырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды.

Нәтижесінде құрылыс нысаны ұзақ құрылысқа айналды. Мерзімдер бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.

Компаниялар үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандықтан заң талаптарын бұзған.

Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.

Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.

  • ҚМА азаматтарды үлестік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын, ресурстарын және материалдық-техникалық базасын тартуға тиісті рұқсат құжаттары жоқ компанияларға ақша қаражатын салмауға шақырады. Егер экономикалық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм-ботына хабарласыңыз, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Қаржы мониторингі агенттігінің 103 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге көмектескен туралы жаздық.