Школьник: Қазақстан әзірге атом электр стансасын қажет етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Школьник: Қазақстан әзірге атом электр стансасын қажет етпейді

Школьник: Қазақстан әзірге атом электр стансасын қажет етпейді

Қазақстанның энергобалансы тұрғысынан елде атом электр стансасын салу ертерек, деп санайды Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьник.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 513
Фото - Caravan.kz


Қазақстан алдағы жылдары алғашқы АЭС салу жоспары туралы мәлімдеген. 2014 жылғы қыркүйекте мемлекеттік корпорация мен Қазақстанның энергетика министрлігі АЭС салудағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын әзірлеп келісуге жіберген. Құжат 2015 жылы бекітілуге тиіс болатын.

“Барлығын қазір еліміздің энергобалансы белгілейді: қазір бізде жалпы қуаттар жеткілікті, өндіріске қосылмаған атом электр стансасын салу… Біз өзге энергия көздерін дамыттық. Экономикалық, сыртқы нарықтағы жағдайдың өзгеруімен атом электр стансасын салу мәселесі қаралатын болады”, — деді Школьник жұмада тілшілерге.