Шолпан Мәмбетова: «Ұлым толық жазылғанша тоқтамаймын» - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шолпан Мәмбетова: «Ұлым толық жазылғанша тоқтамаймын»

Шолпан Мәмбетова: «Ұлым толық жазылғанша тоқтамаймын»

Шолпан Мәмбетова бес баланың анасы, соның төртіншісі 7 жастағы Нұрсұлтан Еркін Даун синдромымен, балалардың церебралды сал ауруымен ауырады. Бастапқыда баласының диагнозына сенбепті. Кейін бұл дертпен шындап күресуге кіріскен. Дәрігерлердің жүріп кетуі мүмкін деген сөзі жанына жалау болған екен. Күндердің күні «Қамқорлық» орталығы ашылғанын естіп, 15 күн бойы емдеу курсынан өтіпті.

  • 4 Қараша 2023
  • 6147
Фото - Caravan.kz

«Ұлыма орталықтағы барлық сабақ ұнады, бір аптадан соң киімді таңдап киетінді шығарды. «Мен әдемі болуым керек, ана киімді, мына киімді кигіз» деп өмірге құлшынысы арта түсті. Аллаға шүкір, қазір толық болмаса да, бұл дертті 60-70% жеңдік деп ойлаймын. Қазір тек физикалық емес, ой-қабілетін де дамытуға әрекеттеніп жатырмын. Ұлым толық жазылғанша тоқтамаймын», — дейді Нұрсұлтанның анасы Шолпан Мәмбетова.

Қазір ол ұлы үшін үйде психолог та, логопед те, дефектолог та, тіпті клоун да болуға дайын. Ең бастысы, баламның тілі шықса болғаны дейді. Айтпақшы, Нұрсұлтан орталықта жүргенде 5 жасында батыр қылып киініп, ту ұстатып, билеуді үйренген екен. Бұған қазылар алқасы таң қалған көрінеді. Шолпанның айтуынша, мұның бәрі «Қамқорлық» орталығындағы мамандардың арқасы. Болашақта ұлын толық емдеп, ешкімге қол жаймай өз күнін өзі көретіндей деңгейге жеткізгісі келеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бері іске асқан инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасының маңызы зор. Бүгінге дейін 14 оңалту орталығы, 11 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 4 орталық пен 16 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Бұл облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қамқорлық қоры» КҚ жүзеге асырып отыр. Ал оңалту үшін жолдаманы ата-аналар тұрғылықты жері бойынша орналасқан емханадан ала алады.