Шолпан-Атада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шолпан-Атада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі басталды

Шолпан-Атада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі басталды

Шолпан-Атада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі басталды. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина үкімет басшылары қатысуда. Ал Әзербайжан және Өзбекстан атынан кездесуге үкімет басшысының бірінші орынбасарлары, Түрікменстанан үкімет басшысы аппаратының іс басқарушысы келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі отырыс барысында Достастық елдері арасында экономика және гуманитарлық саладағы көп жақты ынтымақтастықтар аясын кеңейту мәселесі талқыланады.

Бұған қоса ТМД елдеріндегі сауда-саттықты ырықтандыру жұмыстарының нәтижесін қарап, сауда-саттық шектеулерін бағалау, олардың күшін сатылы түрде жою жөніндегі ұсыныстарды тыңдау көзделіп отыр.
Достастық елдері құқық қорғау құрылымдары арасындағы ықпалдастықты тереңдету мәселесіне де назар аударылмақшы. Кеңеске қатысушылар заңсыз көші-қон, қылмыспен күрес және есірткінің таралып кету қаупіне қарсы тұру тақырыптарын да талқыламақшы. Заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы шешім қол қоюға дайын болды. Бұл комиссия осы саладағы мемлекеттер арасындағы ықпалдастықты үйлестіру, заңсыз көші-қон құбылысының алдын алуға бағытталған нұсқаулар жобасын жасау функцияларын атқарады.
ТМД елдерінің үкімет басшылары сондай-ақ, соғыс ардагерлері, лаңкестік оқиғалар мен жергілікті қақтығыстардың құрбандарын сауықтыру жөніндегі кешенді бағдарлама жобасын талқылайды.
Сондай-ақ, Кеңес барысында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы елдер аумағында жүк тасушы көлік құралдарын өлшеуге халықаралық сертификат беруді қолданысқа енгізу жөніндегі келісімге, кітап шығару, кітап тарату және баспахана ісі салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады.
Отырыста ТМД біртұтас бюджетін тұрақтандыру қорын құру туралы шешім қабылданады. Ол Достастыққа мүше қандайбір мемлекет тиісті жарнасын дер кезінде өтемеген немесе жартылай өтеген жағдайда ТМД мекемелерінің шығындарын уақытылы әрі үздіксіз қаржыландырып отыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кездесуге ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота да қатысады деп күтілуде.
Мәжілісте ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің жаңа төрағасы сайланады. Бұл лауазымға Молдова үкімет басшысы Василе Тырлев сайланады деп күтілуде. Регламентке сәйкес, бүгінгі бас қосуға Қырғызстан үкімет басшысы Николай Танаев пен РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков төрағалық етеді.

Соңғы жаңалықтар