"Шөп маған ұнайды, жылы сыра ұнамайды": Отандық эстрададағы мағынасы жоқ әндерге кім жауапты - kaz.caravan.kz
  • $ 495.28
  • 518.41
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шөп маған ұнайды, жылы сыра ұнамайды": Отандық эстрададағы мағынасы жоқ әндерге кім жауапты

"Шөп маған ұнайды, жылы сыра ұнамайды": Отандық эстрададағы мағынасы жоқ әндерге кім жауапты

Кейінгі жылдары отандық эстрадада мәтіні қазақ және орыс тілінде аралас жазылған қойыртпақ әндер көбейді.

  • 5 Ақпан
  • 959
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сөз қасиеті мен қадірін білген, өнерді биік бағалаған қазақ халқының бүгінгі ән өнері едәуір өзгеріске ұшырады. Өзгеріс деп жұмсартып айтамыз-ау, ауыр дертке шалдықты дегеніміз дұрыс болар. Тыңдарманның талабы өзгерді ме, әлде ақын мен сазгердің деңгейі түсті ме, әйтеуір кейінгі жылдары қазақ эстрадасында есті ән шығаратын әншілер азайды.

Байқасыңыз, бүгінгінің хит әндерінің дені қазақ пен орыс тілі аралас шұбарланған мәтінге, жеңіл мағынаға, ең сорақысы анайы сөз тіркестеріне құралған. Өкініштісі, мұндай әндерден ұялып жатқан не әртіс, дабыл қағып жатқан не халық жоқ. Бұлай жалғаса берсе, тіл тазалығы ұмыт болып, таза қазақша әрі мағыналы ән тыңдау арман болып қалатыны сөзсіз.

Осы ретте Caravan.kz медиа порталының тілшісі қазақ эстрадасының бүгінгі дертіне кеңінен тоқталып, мән-мағынасыз әндерге шолу жасап көрді.

Кавер орындаушы ретінде танылған Гүлмира Ізбасханованың жаңа әнінің мәтіні де сын көтермейді.

«Жүректерді баурап жүрген түрім бар,

Танысуға жігіттердің духы жетпес.

Мінезім қырсық емес, кербез емес.

Жанарларды жаулаған қылығым бар.

Жүректерді баурап жүрген хит ән бар

Танысуға жігіттердің духы жетпес,

Мақтап жүрген Балқадиша маған жетпес.

Балқадиша, Балқадиша

Мен Гүлмира, ол Қадиша«, — дейді әнде.

Өзін Балқадишадан артық санаған әншінің тыңдармандары да бұл әннің мәтіні сәтсіз шыққанын жазуда.

«Әуені жақсы, сөзі мүлде дұрыс емес. Балқадиша маған жетпейді деп артық кеттің», «Осы да ән болды ма, не мағынасы жоқ, не сөзі дұрыс емес», «Дәл осы әнің масқара болды енді», «Ұят-ай мына әнді көршілес халықтар тыңдаса біздің талғамға күлетін шығар», — деп жазды олар.

Өнер иесінің өзі бұл әнді «қалжың ән» ретінде шығарғанын айтқан.

«Ассалаумғалейкум. Прикол ән деп қабылдаңыздар ақ көңілі халқым», — деп жазды ол.

Майшаммен қарасаң да әнінен мән таба алмайтын келесі әнші — Sadraddin.

Өзге әншілер ана тілімізді орыс тілін қосып шұбарландырса, жастардың сүйікті әншісі Sadraddin түріктің «махаббат сөздерін» қосуды жөн көріпті.

«Мен ойлаймын мама
Сол аруды ғана
Сыйлаймын күндерімді
Гүлдерімді — Лала
Арамызда драма
Кейде мелодрама
Шын ғашықтар неліктен қосылмайды екен?
Түсінгенім махаббат осындай мекен

Çiki çiki çiki seni seviyorum
seni özlüyorum çok çok çok

Çiki çiki çiki seni seviyorum
seni özlüyorum çok çok çok

Сезімің барда
Сен мені таңда
Екеуміз айналайық ханшайым мен ханға
«, — дейді ол.

Байқағанымыздай қазіргі әншілер қазақтың бай да мағыналы сөздік қорынан әндеріне лайықты сөз таппайтын сияқты.

Ендігі кезекте эстрадада әнге былапыт сөз қосу да жаңа бір тенденцияға айналып бара жатыр. Әнін боқауыз сөзбен өрнектейтін келесі әнші — Say Mo. Шын есімі — Мөлдір Есембек. Бұл әртістердің сахналық есімдеріне қарасаңыз, қазақша есімдерін де өздеріне лайық көрмейтіндей… Ендеше, ағылшын, қазақ, орыс тілдерін араластырып жазған мына әнінің мәтініне зер салыңыз.

Энергично вливать red bullshit
Че там? Где ты, родной?
Тез болш, е!
Побудь подольше
Көп сөзді қойш, е! Қойш,е!
Қойш, е! Қойш, е!
1 shot 2 shot – photo, ох бл*
Раз счёт, два счёт чё-то, ох бл*
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті
Басым қатып кетті
Төлей салшы ху*ня

Ғаламтордағы ақпаратқа сенсек, бұл өнер иесінің қоржынында осындай 42 ән бар. Біз үзінді келтірген әнін мектеп оқушыларына да дейін жатқа білетінін ескерсек, келер ұрпақтар қандай тәрбие, нендей мәдениет күтеміз? Бұған кім жауапты? Мұндай өнерге тоқтау қоятын құзырлы орган бар ма? Сұрақ көп, жауап жоқ…

Осы ретте журналист, қоғам қайраткері Қажымұқан Ғабдолла да әлеуметтік желіде отандық эстрададағы мағынасыз әндердің мәтініне талдау жасап, заманауи әншілерді сынап тастады.

Өз құлағыма өзім сенбей, әбден умаждап ұстап көрдім: сөйтсем, өз құлағым екен… Ал, сол құлақтың естіген былдыр батпағы мынау:

Ақ парақтайын сенің пиғылың,
Еліктіреді дене қимылың,
Сұлулықтың белгісі фигураңыз,
Ақ бұлақтайын сыңғырлайды үнің,
Арналып жатыр тыңдауға әр күнім,
Көлігісің шетелдік маркының сен.

Қайырмасы

Сағым аймалашы көзімді,
Жалын шарпы кел де тәнімді,
Бағыт берші маған бағыт бер,
Жүрегіме сыйлық алып кел.

Ал менің саған сезімім айқын,
Өзің білсең әрбір қазақ айғыр,
Айғырбайдың жемін соған сай қыл,
Әйел мойын қылып жүрме маймыл,
Болмасам да Жексенбаев Майкл,
Менің шексіз әнім болып айтыл,
«Айналдырып алмасын» деп қайғыр,
Себебі, оның байың сенің айғыр.

Мен кеш келіп тапа-тал түске дейін,
Үйықтап жатсам да,
Менің ренжімейтін жарым боласың,
Сенің еркелейтін жарың боламын,
Сен көзілдірігіңнің орнына дүрбі тағып алсаң да,
Маған ұнай бересің,
Саған қурай беремін.

***
Бұл не сұмдық? Бір атамыз айтпақшы: «Мұндай сорқылықты соғыс кезінде де көрген жоқ едік…» Бажайлап іздесем, бізде қойдың құмалағындай ыбырсыған әншісы­мақ­тардың арасында «Aro — Aigyr» («АРО-АЙҒЫР») дейтін де сандуғаш бар екен. Не сөзі, не сазы (әуені), не дауысы жоқ… Талғам деген әлі туылмаған… Ал, енді мына сандырақтың атын айқайлатып, «Айғыр» деп қойыпты. Сонда, біздің мәдениет пен әдебиет, өнер мен тәртіп қайда?
Жақсы, Балаева ханым министр­лік лауазымының буынан шыға алмай «айда» жүрсе, әлгі тәліптерді тәпсірлегіш Қарин қайда жүр?!.», — дейді ол.

Журналист жастар арасында De Lacure лақап атымен танымал әншінің «Ұнайды» деген әнінің мәтініне де тоқталды.

«Жындының сандырағы

Қайкүні қазақтың қазіргі эстрадасының масқараларын жазып едім. Әндердің сазын сынап, сөзінің сұмдығынан шошығанмын. Сөйтсем, өзбек бауырлар айтпақшы: «Самарқанда бір апам бар, бұдан да өткен сорақы» болып шықты. Мақсат Таңжарықұлы: «…Мына ән телеарналарда шырқал­ғасын, шаруамыздың біткені ғой…

Мына сөздерді (Де Лақыр деген бір қазақ әнші айтады дейді) кім жазған?..

« 1. Ашық бұлтсыз аспан маған ұнайды,

Алматының Алатауы маған ұнайды,

Каспида 1-2 лям — ол маған ұнайды,

Анашыма жартысын жіберемін — ол маған ұнайды.

Ұсыныстар көп болмаған ұнайды,

«Free Мұрат Абдильда» — ол маған ұнайды

«Jamal & Ganja» тегі маған ұнайды,

Бекболат Қайдаров трегі маған ұнайды.

Асхатпен жаңа бэнгер жазу — ол маған ұнайды

Сүйікті қызым қысы, жазы маған ұнайды,

Бешбармақ пен қазы маған ұнайды,

Алғабастың сазы маған ұнайды.

Әрбір қайырлы таң маған ұнайды,

Коттеджбен хаустар маған ұнайды,

«Иногда» даже «грустить» маған ұнайды,

Тойларда «Қызыл өрік» маған ұнайды.

Қайырмасы:

Қыз маған ұнайды,

Шөп маған ұнайды,

Мерс маған ұнайды,

Кэш маған ұнайды.

Өмір маған ұнайды,

Текст маған ұнайды,

Күн маған ұнайды,

Түн маған ұнайды (2 рет).

2. «Продажный лицемерлер» ұнамайды,

Сөзінде тұрмайтын ерлер ұнамайды,

Қатты «накрашенный» қыздар ұнамайды,

Төсекте жалғыз мұздау ұнамайды.

««Работать на кого-то» вообще» ұнамайды,

Бізге сенің қасыңдағы әпше ұнамайды,

Өтпейтін «приколдар вообще» ұнамайды,

Тірлік істемей, «сидеть на жопе» ұнамайды.

Қайырмасы:

Жылы пиво ұнамайды,

Маған гивы ұнамайды,

Қызыл ксива ұнамайды,

Кешке сатива ұнамайды.

«Двигать криво» ұнамайды,

Жигули, Нива ұнамайды,

Сөйлеу красиво ұнамайды,

Істеу «красиво» маған ұнайды

3. Сендердегі «флекс» маған ұнамайды,

Маңдай терсіз кэш маған ұнамайды,

«Ваши шмотки и fashion» маған ұнамайды,

Әнәс, құрып кетші, вообще маған ұнамайды.

Қайырмасы:

Жұмыс ұнамайды,

Кобальт ұнамайды,

Меф ұнамайды,

Фейк ұнамайды.

Казик ұнамайды,

Алдау ұнамайды,

Өтірік ұнамайды,

Өмір маған ұнайды (2 рет)…»

***

Не дерсің?! Бұл, тіпті сөз етерлік нәрсе емес қой. Бұл — таза психико-наркологиялық емхананың мәңгілік пациенті сияқты ғой!», — дейді журналист.

Қорыта айтқанда, өнер — ұлтқа бұйырған ең негізгі игіліктердің бірі де бірегейі. Соның ішіндегі сөз бен ән өнері — қателікті, сауатсыздықты кешірмейтін асыл өнер. Интеллектуалдық деңгейіңізді түсіріп, эстетикалық талғамнан ада болғыңыз келмесе, нені және кімді тыңдап жүргеніңізге мән беріңіз.