"Шөп шектім, оны баяғыда айттым": Мақпал Қаратай өзін айыптаған блогерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шөп шектім, оны баяғыда айттым": Мақпал Қаратай өзін айыптаған блогерге жауап берді

"Шөп шектім, оны баяғыда айттым": Мақпал Қаратай өзін айыптаған блогерге жауап берді

Танымал блогер, коуч Мақпал Қаратай өзін шөп шекті, ақшадан өлген деген блогерлер мен хейтерлерге жауап берді.

  • 10 Ақпан
  • 12
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мақпал Қаратайдың сүйікті хейтерлеріне жауап. Мақпал Қаратай инстаграмдағы орныңды босат депті, инстаграм маған орындық сенікі, өмір бақи отырасың деп орындық берген жоқ. Бұл инстаграмда жеті жыл төккен маңдай терім бар. Сондықтан қанша қаласам да мен оны ешкімге бере алмаймын және оны менен ешкім ала алмайды.

Шөп шегеді дегенде, мен барлық сұхбаттарымда, YouTube подкасттарымда грибы шеккенімді айтып тастағанмын. Сосын ақшадан өлгенсің дегендерге жауап, мен оны да баяғыдан айтып келемін. Сондықтан, саған қайтадан ресми түрде айтамын. Мен ақшаны қатты жақсы көретін адамбын», — деді ол.