Шоқан Уәлихановтың 10 томдық зерттеулер жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шоқан Уәлихановтың 10 томдық зерттеулер жинағы жарық көрді

Шоқан Уәлихановтың 10 томдық зерттеулер жинағы жарық көрді

БҰҰ Адам құқығы комитетінің кеңесшісі, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің президенті Әбен (Әбдіәлі) Нұрмановтың Шоқан Уәлиханов туралы «Шоқан сагасы» деп аталатын 10 томдық (декатом) зерттеулер жинағы жарық көрді.

  • 15 Сәуiр 2013
  • 530
Фото - Caravan.kz

«Әкем ғылым жолына түскен кезімде Шоқан Уәлихановтың өмірін, еңбегін мұқият зерттеп, тек 40 жылдан кейін ғана бұл еңбегімді жарыққа шығаруға өтініш жасаған болатын. Енді міне осы әке аманаты жүзеге асып отыр», — дейді ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, экономка ғылымының докторы Ә.Нұрманов. Әбен Алдабергенұлының айтуынша, әйгілі қазақ ғалымның туып-өскен, аралаған жерлеріне жасалған экспедиция 1972 жылы басталған. 1989 жылға дейін жалғыз аралап келген көрінеді. Одан кейін 10 жылдық үзілістен кейін 2000 жылдан бастап қайта басталған экпедиция құрамына өзге адамдар да тартылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жиналған мол материалды жинаққа айналдыру 7 айдың ішінде жүзеге асып отыр.

«Шоқантанушылардың осы уақытқа дейін жарық көрген жүздеген еңбектерімен және ғалымның ғылыми мұрасына арналған 150-ден астам ғылыми-конференциялардың материалдарымен танысып шықтым. Содан кейін оның өмірін еңбектері арқылы ашуға тырысып, бұған дейін белгісіз және күмәнді болып келген бірқатар жәйттардың жай-жапсарын ашуға қол жеткіздім. Онда 50-ге жуық тың жаңалықтар ашылып отыр», — дейді Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің 8 жоғары оқу орнының Құрметті профессоры, Ресей педагогика академиясының академигі, Ресей психология академиясының мүше-корреспонденті Ә.Нұрманов.

Перейти к новостям спорта