Шортанды ауданында жауған бұршақ аралас жаңбырдың салдарынан 6 мың гектардан астам егін шығын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шортанды ауданында жауған бұршақ аралас жаңбырдың салдарынан 6 мың гектардан астам егін шығын болды

Шортанды ауданында жауған бұршақ аралас жаңбырдың салдарынан 6 мың гектардан астам егін шығын болды

Ақмола облысының Шортанды ауданында жауған бұршақ аралас жаңбырдың салдарынан бірқатар шаруашылықтардың егістіктеріне зиян келтірілді.

  • 30 Шiлде 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Шілденің 26-27 күндері жауған нөсер жаңбыр мен бұршақтан Шортанды ауданының Бозайғыр және Новокубанка селолық окруктеріндегі он шақты шаруашылық зардап зардап шегіп отыр. Оның ішінде Бозайғыр селолық округіне қарасты «Төңкеріс» ЖШС-да 3406 гектар бидай, «№5Агротехникалық колледжд» 250 гектар бидай мен 50 гектар арпа, «Элит-Жер»  ЖШС-де 1000 гектар арпа және 204 гектар сұлы, «Аманжол» ШҚ-да 120 гектар бидай, «Ғасыр» ШҚ -да 270 гектар бидай,«Дулат» ШҚ-да 50 гектар арпа, «Нияз» ШҚ -да 398 гектар бидай, 75 гектар арпа және 1 гектар картоп, «Дарияр» ШҚ -да 216 гектар бидай алқабына зиян келтiрiлсе, Новокубанқа селолық окургіндегі «Новокубанское» ЖШС-нің 300 гектар бидайы мен 60 гектар зығыры басылып қалған.

Алдын ала есеп бойынша табиғаттың тосын сыйынан барлығы 6339 гектар дәнді дақылдар, 60 гектар майлы дақылдар және 1 гектар картоп шығын болған.


Қазіргі кезде Шортанды ауданы әкімдігімен арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар