Шоумен Дәуіт Шайхисламов Сәбина Алтынбекова туралы бейнебаян түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шоумен Дәуіт Шайхисламов Сәбина Алтынбекова туралы бейнебаян түсірді

Шоумен Дәуіт Шайхисламов Сәбина Алтынбекова туралы бейнебаян түсірді

Қазақстандық шоумен Дәуіт Шайхисламов Сәбина Алтынбекова туралы «Красавчики спорта» атты бейнебаян түсірді.

  • 22 Тамыз 2014
  • 866
Фото - Caravan.kz

Туынды 1 күннің ішінде дүниеге келгенін айтты.

«Қазақстанда ақылды, мықты спортсмендер көп. Олардың арасында сұлулығы әлемге әйгілі боп жатқан спортшылар Илья Ильин, Геннадий Головкин, Александр Винокуров, Денис Тен, волейболшы қыз Сабина Алтынбекова да бар. Біз солардың сұлулығын тағы бір дәріптеуге тырыстық. Идея бір апта бұрын дүниеге келді. Әні мен сөзін өзім жаздым», — деді ол.

Дәуіттің айтуынша, бейнебаянды түсіруге 1,5 мың доллар қаржы жұмсалған екен. Жұмысты қазақстандық «Үлкен сегіздік» кәсіби командасы түсірді.

Бірақ Сәбина өзі туралы бейнебаян түсірілгенін білмейді екен.


«Аты аталған спортшылардың көпшілігі клип туралы білмейді. Оның ішінде Сәбина да. Бірақ енді білген болар деп ойлаймын», — деді Д.Шайхисламов.

Перейти к новостям спорта