ШҚО әкімі бастаған делегация Қазанда Татарстан Президентімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімі бастаған делегация Қазанда Татарстан Президентімен кездесті

ШҚО әкімі бастаған делегация Қазанда Татарстан Президентімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердебек Сапарбаев бастаған ресми делегация өңірдің Татарстандағы күндері аясында Қазан қаласында болды.

  • 26 Қараша 2012
  • 268
Фото - Caravan.kz

Өткен жұма күні шырайлы Шығыстан барған қонақтарды Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов қабылдап, екіжақты келісімдерге қол қойды, деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.

Айта кету керек, аталмыш шараның өтуі жөнінде бастама көтерген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Себебі, өзара тиімді байланысты кеңейту, Татарстанның инновациялық мол тәжірибесімен кеңінен танысып, жақсы жақтарын үйренудің зияны болмаса керек.

Барған күні екі жақтың кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форум болып өтті. Қазақстан мен Татарстан экономикалық және инвестициялық әлеуетті ұтымды пайдаланудың сан-қилы әдістерін талқыға салды.

— Екі жақты экономикалық серіктестіктің берері көп, оның үстіне Кенді Алтайда шығарылатын түсті металдар бізге қажет болса, сіздер әлемдік стандарттар талабына сай заттарды ала аласыздар,-деді Татарстан Президенті.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев Татарстан басшысына алғысын айтып, алдағы уақытта байланысты нығайта беретіндеріне сендірді. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы 900 миллион АҚШ долларынан асқан.

Қонақтар Қазан федералдық университетінде, Халықтар достығы үйінде, ксәіпорындар мен мекемелерде кездесулер өткізді. Кешкісін Ғабдолла Тоқай атындағы филармонияда Шығыстан барған өнерпаздар қызықты концерт қойды.