ШҚО әкімі Өскемен қаласы аудандарында тұрғын үй салу қарқынына көңілі толмайтынын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімі Өскемен қаласы аудандарында тұрғын үй салу қарқынына көңілі толмайтынын білдірді

ШҚО әкімі Өскемен қаласы аудандарында тұрғын үй салу қарқынына көңілі толмайтынын білдірді

Өскемен. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ШҚО әкімі Әділғазы Бергенев Өскемен қаласы аудандарындағы 19-шы және 20-шы тұрғын үй аудандарындағы құрылыс қарқынына көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 547
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылы облыста тұрғын үй құрылысына 4325,7 млн теңге инвестиция жұмсалған. Жыл басынан бері 129 229 шаршы метр тұрғын үй, соның ішінде 118 280 шаршы метр пайдалы алаңдар пайдалануға берілген. Бұл 2007 жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда тиісінше 47,2% және 36,9% артық. Баспананың басым бөлігі (40%) Өскеменде салынған.

Осы аптада 2009 жылға арналған облыстық бюджет қаралады. Осыған байланысты Ә. Бергенев қала басшылығын «қаржыландыру жоспарына техника-экономикалық негіздемесі бар, мемлекеттік сараптамадан өткен нысандар ғана қамтылатындығын» айтып ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар