Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.
«Мен жұма сайын ондаған мемлекеттік қызметкердің қайда баратынын білем. Оны тоқтатыңыздар. Тек екі мереке бар. Құрбан айт пен Рождество. Сол кездері мешітке барыңыздар. Сіздер конституциямен жүруді не басқа жолмен жүруді өздеріңіз таңдауларыңыз керек. Мен қарсы келіп тұрған жоқпын. Тек Конститцияда Қазақстанның зайырлы мемлекет екені айтылған. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер таңдауын жасау керек. Не себепті жұма күндері кейбір қызметкерлер 12 сағат жұмыс орнында болмайды?», – деді Даниял Ахметов.
Сонымен қатар әкімнің өзі де діни мерекелер кезінде мешітке баратынын айтты.
«Мен де Құрбан айт кезінде мешітке барамын. Елбасымыз да солай жасайды. Ал, жұмыс уақытында мешітке бару бұл жұмысқа кері әсер етеді», – деп қосты ол.