«Естеріңізге сала кетсек, таяуда облыс әкімі «Даму» қорының басшылығымен несиелік келісімге қол қойған. Ол бойынша қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 14 пайызды құрайтын өңірлік кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру кестесін регламенттейді», — деп атап көрсетті әкімдік.
Аталмыш құжатқа қол қойыла салысымен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жергілікті бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын қарастыратын комиссия құрылған.
«Комиссия ұсынған жобалар топтамасы бойынша облыс әкімі бірқатар сын-ескертулер айтты. Атап айтқанда, несиелендіруде облыс үшін әлеуметтік-экономикалық құндылығы бар жаңа өндірістер басымдыққа ие болуы тиіс», — деп хабардар етті баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті