Caravan Logo

ШҚО әкімі шағын және орта бизнес жобаларының топтамасына сын-ескертулер айтты

ШҚО әкімі шағын және орта бизнес жобаларының топтамасына сын-ескертулер айтты

"Естеріңізге сала кетсек, таяуда облыс әкімі "Даму" қорының басшылығымен несиелік келісімге қол қойған. Ол бойынша қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 14 пайызды құрайтын өңірлік кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру кестесін регламенттейді", - деп атап көрсетті әкімдік.

Аталмыш құжатқа қол қойыла салысымен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жергілікті бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын қарастыратын комиссия құрылған.

"Комиссия ұсынған жобалар топтамасы бойынша облыс әкімі бірқатар сын-ескертулер айтты. Атап айтқанда, несиелендіруде облыс үшін әлеуметтік-экономикалық құндылығы бар жаңа өндірістер басымдыққа ие болуы тиіс", - деп хабардар етті баспасөз қызметі.