ШҚО әкімінің пікірінше, облыс аумағында жарық аз уақытқа өшірілсе де оны төтенше жағдай деп қабылдау қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімінің пікірінше,  облыс аумағында жарық аз уақытқа өшірілсе де оны төтенше жағдай деп қабылдау қажет

ШҚО әкімінің пікірінше, облыс аумағында жарық аз уақытқа өшірілсе де оны төтенше жағдай деп қабылдау қажет

СЕМЕЙ. 23 қараша . Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпуновтың пайымдауынша, облыс аймағында электр қуаты болмашы уақытқа өшірілсе де оны төтенше жағдай деп қабылдау қажет. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

  • 23 Қараша 2006
  • 557
Фото - Caravan.kz

«Мұндай жағдай тиісті құрылымдардың назарынан тыс қалмауы керек, және кінәлілер жазаға тартылуы тиіс»,-деді энергетиктермен өткен мәжілісте облыс әкімі В.Храпунов. Оның айтуынша, «Шығыс Қазақстан облысы тұтынушыларының мүдделері барынша қорғалуы керек».

«Алайда, ШҚО энергетика кешенінің тоқырауна жол бермеуіміз керек, сондықтан да бірігіп осы саланы жақсарту жолдарын қарастыруымыз қажет»,-деді әкім.

Ал, «Шығысэнерготрейд» ЖШС баспасөз қызметі «KEGOС»АҚ 24 қарашадан бастап Семейге электр қуатын жеткізуді шектегелі отырғаны туралы хабарлама таратты.

Хабарламада көрсетілгендей, жарықты шектеу 24 қараша күні сағат 15-те басталады. Мұндай шешім қабылдауға , электрэнергиясын жеткізумен ресми айналысатын «Шығысэнерготрейд» ЖШС «»KEGOС»АҚ алдындағы 26 млн. 970 мың теңге көлеміндегі қарызы себеп.

Бұл «KEGOС»АҚ тарапынан соңғы айда жасалып отырған екінші ескерту. Осындай шектеуді аталған компания үстіміздегі жылдың 31 қазанында енгізуді жоспарлаған болатын, алайда «Шығысэнерготрейд»ЖШС берешектерін өтеу мерзімін кейінге шегеру мүмкін болды.

Бірақ осы уақыт аралығында серіктестікке қарыз болған «Семейводоканал» және «Теплокоммунэнерго»мекемелері өз міндеттемелерін орындамаған. «Олар ағымдағы қарыздарынан құтылғанымен, өткен маусымдағы негізгі қарыздарын өтеген жоқ»,-дейді баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда «Теплокоммунэнерго» мекемесінің бұрынғы қарызы 114 млн.180 мың теңге болса, «Семейводоканал» мекемесінің серіктестік алдындағы берешегі 26 млн. 613 мың теңге.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, «Шығысэнерготрейд» ЖШС басшылығы «KEGOС»АҚ-мен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жарықпен қамтамасыз етуге шектеу қойдырмауға қалалық әкімшілік те атсалысуда. «Біз шектеуге жол бермеу үшін қолымыздан келген мүмкіндікті жасаймыз»,-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

ШОҚ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылдың он айында электр қуатын тұтыну сағатына 6,3 млрд кВт құрады, бұл өткен жылдың осы уақыт аралығындағы көрсеткішінен 4 % жоғары. Аталған аралықта электр қуаты желілеріне сағатына 5,5 млрд. кВт жіберілген. Облыс бойынша электр қуатын тұтыну жарықты өндіру көлемінен сағатына 773млн.кВт асып кеткен, яғни өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен сағатына 198 млн.кВт артық . Электр қуаты тапшылығын жою үшін облыстан тысқары жерлерден осы уақыт аралығында сағатына 1413,3 млн. кВт немесе 2005 жылдың осы мерзімінен 37% артық тартылған.

Электрэнергиясын тұтыну көлемінің ұлғаюы өндіріс орындарының (4,7%) және коммуналды шаруашылықтардың , құрылыс, тағы басқа қызмет түрлерінің (1,7%) өсуі салдарынан болып отыр. Облыс халқының жарықты тұтынуы 20,9% өскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта