ШҚО әкімінің сыйлығы үшін XVIII облыстық ойындарға 1600 спортшы қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімінің сыйлығы үшін XVIII облыстық ойындарға 1600 спортшы қатысты

ШҚО әкімінің сыйлығы үшін XVIII облыстық ойындарға 1600 спортшы қатысты

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы ортаға салынған халықтық спорттың XVIII облыстық сыны мәресіне жетті. Қазақтың атақты балуаны Балуан Шолақтың 150 жылдығына орайластырылған жарыс ағымдағы жылдың 19 және 25 маусым аралығында өткен болатын. 

  • 26 Маусым 2014
  • 453
Фото - Caravan.kz


Жарыстың алғашқы күнінде Тарбағатай, Абай, Бородулиха өкілдері көкпардан күш сынасты. Бұл күні сонымен бірге Зыряновск, Тарбағатай, Ұлан, Глубокое, Көкпекті, Зайсан, Бесқарағай аудандары мен Өскемен қаласының құрамалары волейболдан бақтарын сынап көрді. Келесі күні Ұлан Құршым, Тарбағатай — Глубокое, Көкпекті- Зайсан, Өскемен-Бесқарағай, Зырянов-Күршім командалары бәсекеге түсті. 

Шара аясында футбол ойындары да ұйымдастырылды. Бүгінге дейін Семей-Ұлан, Өскемен-Аягөз және Зайсан-Үржар құрамалары өзара мықтыларын анықтады.

Футбол ойындарының алғашқы күнінде ұландықтардың бағы жанып, қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты. Зайсан өкілдері Үржар құрамасынан басым түсті.

Өскемендіктер мен Абай ойыншылары 4:1 есебімен облыс орталығы құрамасының пайдасына шешілді.

Спорт және дене тәрбиесі басқармасының хабарлауынша, жалпы сынға 22 спорт түрі бойынша 19 құраманың 1600 спортшысы қатысты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера