Жарияланды: 230

ШҚО: Атқамінерлер оқушылардың шығармашылық үйін ақылы етпек

Шығыс Қазақстанда жүздеген бала үйірмеге мүлдем бара алмай қалайын деп тұр! Шемонаиха ауданының атқамінерлері оқушылардың шығармашылық үйі бюджетке салмақ түсіріп отыр деп есептейді екен. Сондықтан ондағы 17 үйірменің 13-ін жауып та тастаған. Сөйтіп, оларды ақылы ету керек деген ұсыныс айтыпты. Ал ата-аналар бұған қарсы. Өйткені үйірмеге ақы төлеуге кез-келгеннің шамасы жете бермейді. 

Алина мен Юляның мектептен кейінгі уақытта іштері пысып үйлерінде отырудан басқа амалдары жоқ. Екеуі үйірмеден үйренген ән мен биін қайталап, өздерін жұбатып қояды. Бұдан кейін шығармашылық үйін мүлдем көрмеуі мүмкін. Себебі, ондағы өнерге баулитын орындар жаппай жабылуда. 

Елена Шаньшина, Шемонаиха ауданының тұрғыны:

- Қыздарым қазір үйге қамалып қалды. Ал үйде тек компьютерге телміреді. Бұл біз үшін үлкен мәселе болып тұр. Бос отырғаннан қиыны жоқ екен. 

Үйірмеде жасаған түрлі бұйымдар, алған мақтау қағаздары мен дипломдары қазір бұрышта шаң басып жатыр. Бұл мекемені жабу жөніндегі жағымсыз хабар осы жаздың соңында айтылған екен. Енді жалпы саны 860 баланың 730-ы тентіреп қалды.

- Ну вот, это помещение театральной студий. Здесь сейчас конечно, не уютно, сняли шторы, остался только занавес и бывшая сцена. А здесь занимались 60 детей, это только в моей студи.

Аң-таң болған ата-ана осы жағдайды билікке түсіндіріп беруін талап еткен. Ал шенеуніктер өнер үйі өзін-өзі ақтамайды деп жауап қайырған. Дегенмен шығармашылық ұйымның құрылымы сақталып қалмақ. Бірақ мекеменің жұмысы қайта жандануы үшін шәкірттер ақша төлеулері тиіс. Алайда көбісінің қаржы жұмсауға шамалары жетпейді. Ал атқамінерлер осы жағдайға қатысты тілшілерге жауап беруден бас тартты.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін