Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады
Атап айтқанда, қардың қалың түсуіне байланысты кеше сағат 12:00-ден бастап «Өскемен-Риддер» автожолының 15-105 шақырымы аралығында автобустарға жолға шығуға тыйым салынған еді. Бұдан бөлек, «Өскемен-Зырян-Қатонқарағай-Рахман бұлақтары» жолының 6-65 шақырымында да көлік қозғалысы шектелген болатын. Енді бұл жолдар тазартылғаннан кейін қоғамдық көліктер үшін қозғалыс ашылды.