ШҚО аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы жанданды

ШҚО аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы жанданды

Бүгін сағат 07:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда қоғамдық көліктер үшін қозғалыс жанданды.

  • 8 Қараша 2012
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады

Атап айтқанда, қардың қалың түсуіне байланысты кеше сағат 12:00-ден бастап «Өскемен-Риддер» автожолының 15-105 шақырымы аралығында автобустарға жолға шығуға тыйым салынған еді. Бұдан бөлек, «Өскемен-Зырян-Қатонқарағай-Рахман бұлақтары» жолының 6-65 шақырымында да көлік қозғалысы шектелген болатын. Енді бұл жолдар тазартылғаннан кейін қоғамдық көліктер үшін қозғалыс ашылды.

Соңғы жаңалықтар