ШҚО: ауылдың қақ ортасындағы шошқа фермасын көшіруге бәрі қауқарсыз - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: ауылдың қақ ортасындағы шошқа фермасын көшіруге бәрі қауқарсыз

ШҚО: ауылдың қақ ортасындағы шошқа фермасын көшіруге бәрі қауқарсыз

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар мен шошқа фермасы басшылығының арасындағы текетірес басылар емес. Он жылдан бері Глубокое ауданындағы Лесхоз елдімекенінің қақ ортасында орналасқан шошқа қорасы жергілікті тұрғындардың ығырын шығарып біткен. Осы уақытқа дейін қолқаны жаратын жағымсыз иіске тұншыққан жұрт ферманы басқа жерге көшіруге бірде-бір құзырлы органның қауқары жетпегенін айтады. Ал ферма иесі оны жауапқа тартпақ болған санитар мамандардың өздерін сотқа беріп жатыр.   

  • 8 Маусым 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Санитар мамандардың да, прокуратура мен экологиялық департамент басшылығының да тісі батпай жүрген шошқа фермасы 300-ден астам түтіні бар Лесхоз ауылының қақ ортасында орналасқан. Алақандай ауылдың табиғаты тамсанарлық. Алайда тұрғындары тек жота басына ғана шығып, таза ауамен тыныстап жүр. Әйтпесеіргедегі шошқа қораның иісі қолқаны жарады.   

Бақытқан Тоқтағазин, Лесхоз ауылының тұрғыны:

— Шошқа тұмауы шықса,мынадан бір адам тірі қалмайды. Мынау бір  шұңқырдың ішінде,  мүңкіген иісі осы жерге сіңіп алған.

«Адам түгілі, сасыған иістен маңайдағы жасыл желек көктемей жатыр» — дейді тұрғындар. Ал үйдің іші қаптаған көк шыбын. Ферманың иесі Борис Митин болса, ауылдастарының айқайына пысқырып та қарап отырған жоқ. 

Борис Митин, шошқа фермасының қожайыны:   

— Мен ешқандай иіс сезіп тұрғам жоқ. Әркім өзінше табыс табады. Оған ешкім араласпасын.

 «Қорадағы малымның саны санитарлық нормаға сай»  деген кәсіпкер, шошқаларын ешкімге есептеткізбейді. Ал ауданның санитар  мамандары болса, онымен әлі соттасып жүр. Бірақ кезінде Облыстық мәслихатта депутат болған Митин оңайлықпен берісер емес.


Қайрат Баймұханбетов, Глубокое ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы
:

Ол кісінің өзімен сөйлестік. Бірақ, шешімге келмеді. Ол кісінің орында бұл шаруашылықты дұрыс жолға қою керек еді, басқа жерге ауыстыру керек еді. Бірақ ол оның орнына бізді сотқа беріп жатыр. 60 мың 600 теңге біздің мекемеден өндіріп алмақшы.

Тұрғындардың айтуынша, бұл Митин мырзаның жалғыз фермасы емес. Қала шетіндегі тағы бір ауыл да  кәсіпкердің шошқаларының иісіне тұншығып отырған көрінеді.

Шошқалы байдың әрекетіне осыдан  бес жыл бұрын сот шешімімен тыйым салынған. Бірақ оған былқ еткен қожайын жоқ. Цемент дуалдың ар жағында қанша талпақ танаудың жатқаны да белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар