ШҚО: автокөліктерді жедел рәсімдеу үшін кеденнің жанынан оперативті штаб құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: автокөліктерді жедел рәсімдеу үшін кеденнің жанынан оперативті штаб құрылды

ШҚО: автокөліктерді жедел рәсімдеу үшін кеденнің жанынан оперативті штаб құрылды

Шығыс Қазақстан облысында кедендік декларациялау мәселелерін жедел шешу үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде оперативті штаб құрылды, деп хабарлайды ШҚО КБД баспасөз қызметі.

  • 27 Маусым 2011
  • 629
Фото - Caravan.kz

«Штабты департаменттің бірінші басшысы басқарып, оған «Нұр Отан» партиясының, БАҚ, бизнес саланың өкілдері қатыстырылып отыр», — деп хабарлайды дүйсенбі күні департамент.

1 шілдеге дейін автокөлік құралдарын барынша көп рәсімдеу мақсатында «Өскемен-Кедендік рәсімдеу орталығы» және «Семей» бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

КБД-нің атап көрсетуінше, 30 маусымда, соңғы күні қажет болса, бекеттердің жұмысы 24 сағатқа дейін ұзартылады. Әріптес компаниялармен халыққа оперативті қызмет көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, екінші деңгейді банктерге кедендік рәсімдеу үшін салымдарды уақытында төлеуде қолдау көрсету бойынша хабар жіберілді.

Жалпы алғанда, 2010 жылдың 1 шілдесінен 2011 жылдың 20 маусымына дейін Шығыс Қазақстан бойынша 1900-ден аса автокөлік рәсімделді. Бюджетке Т470,6 млнтүсті.

Бұрын хабарланғандай, 1 шілдеден бастап Қазақстан аумағында жеке тұлғардың жеке пайдалануға арналған жеңіл көліктерді әкелуге жеңілдетілген кедендік баж салықтарының мерзімі аяқталады, кедендік декларациялау кезінде Кеден одағының бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемелері қолданылады.

Соңғы жаңалықтар