ШҚО: бұршақ жауыннан 80 бас мал қырылды; 5 мың га егіс зақымданып, терезелер сынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: бұршақ жауыннан 80 бас мал қырылды; 5 мың га егіс зақымданып, терезелер сынды

ШҚО: бұршақ жауыннан 80 бас мал қырылды; 5 мың га егіс зақымданып, терезелер сынды

ШҚО-ның Үржар ауданында жауған бұршақ салдарынан 5 мың гектар алқаптағы егіс бүлініп, 80 бас мал қырылды.

  • 7 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

Адам шығыны жоқ, деп сйесенбі күні еліміз ТЖМ хабарлады.

Ведомство ақпарына қарағанда, өткен жексенбі күні диаметрі Үржар, Ақжар, Жанай Тілек, Алтыншоқы, Айтбай, Лайбұлақ, Науалы ауылдарында 13 миллиметрге шамалас бұршақ жауған.
Салдарынан мектептердің терезелері сынып (486 шаршы метр), шатыры (1900 шаршы метр) зақымданған.
«Аудан аумағыгда 4936 га алқаптағы егістік зақымданды. 4 бас ірі қара мен 78 бас ұсақ мал қырылып қалды», — делінген хабарламада.
Қазір оқиға болған жерде аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия бүлінген ғимараттарды тексеріп, қалпына келтіру мәселелерімен айналысады.

Соңғы жаңалықтар