ШҚО денсаулық сақтау мекемелері жаңа техникалармен, ал дәрігерлер пәтерлермен қамтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО денсаулық сақтау мекемелері жаңа техникалармен, ал дәрігерлер пәтерлермен қамтылды

ШҚО денсаулық сақтау мекемелері жаңа техникалармен, ал дәрігерлер пәтерлермен қамтылды

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан 12 қызметтік пәтердің кілтін алды.

  • 16 Маусым 2011
  • 320
Фото - Caravan.kz

Кілттер Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған салтанатты шара барысында тапсырылды.

«Біздің аймақта сегіз жүзге тарта емдеу мекемелері бар, онда 15 мыңнан астам медициналық қызметкер еңбек етеді. Олардың бәрі науқастарды дерттен айықтырып, адам өмірін сақтап қалу үшін тер төгуде. Өкінішке қарай, дәрігерлердің бәрі бірдей баспанамен қамтылмаған. Осы бір себеп Шығыс Қазақстан облысына жаңа мамандар тарту үшін кедергі келтіріп тұр. Бүгін біздер ақ халатты абзал жандарға 12 пәтердің кілтін ұсынып отырмыз. Және бұл тек бастамасы ғана», — деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бұдан бөлек, медициналық мекемелерге жаңа автокөліктердің кілті берілді.