ШҚО: Фонограммаға бірлесіп қарсы тұруымыз керек! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: Фонограммаға бірлесіп қарсы тұруымыз керек!

ШҚО: Фонограммаға бірлесіп қарсы тұруымыз керек!

Фонограммаға бірлесіп қарсы тұруымыз керек! Шығыс Қазақстандағы мәдениет саласының қызметкерлері осындай бастама көтерді. Олар атақты өнер жұлдыздарын сахнада тек жанды дауыспен ән салуға шақыруда. Бастамашыл топ өкілдері:  «Фонограммаға шектеу қоятын арнайы заң шығарылса да артық емес» - дейді.

  • 15 Маусым 2011
  • 614
Фото - Caravan.kz

Жанды дауысты жақтап жүрген белсенділер облыстың түкпір-түкпіріндегі әншілердің басын қосып, фонограммасыз ән шырқай алатын жергілікті  артистерді анықтауға тырысты. Іріктеуден өткендер ғана кешкі концертте өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Осылайша, бастамашыл топ фонограмманы әдетке айналдырған әншілерді сахнадан аластатуды көздеп отыр.

Жақсылық Омар, ШҚО Мәдениет басқармасының бастығы:

— Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлерін қымсынбай, сахнада  тұрып алып фонограммамен ойнайды. Бұл — елді алдау. Екіншіден — өнерпаздардың өзін-өзі алдауы. Бұған шектеу қоятын уақыт жетті.

Фонограммаға қарсы өнер жұлдыздардының қозғалысына қатысу үшін облыстың ең алыс аймағы — Ақсуаттан «Көктем» тобы келді. Оларды жалпақ ел танымаса да, өз аудандарындағы нағыз  жұлдыздарға айналған. Әншілер  әріптестерін жасандылықтан аулақ болуға шақырды.


Ғалымбек Ахметов, «Көктем» вокалдық аспаптар ансамблінің әншісі:

— Фонограммаға қарсымыз. Өйткені біреудін  үнтаспада жазылған  әнін орындайды.

Кәсіби мамандардың пікірінше, фонограмма жойылса, әншілер табиғи сұрыптаудан өтетін болады. 

Кенжеғали Мыржықбаев, ҚР  халық  артисі:

— Шеттерінен бәрі әнші, жұлдыздар, дарынсыздар қаптап кетті. Осы қаптаған жұлдыздар фонограмма тоқтаған күні  жыпырлап жерге түседі.

Бастама  көтерген  шығысқазақстандықтар осылайша тағы да бір ой тастады, көпшілікке.  Енді бұл бастама  өнер жанашырлары тарапынан қолдау таба ма, әлде осы беті ұмыт бола ма, оны уақыт көрсетер.

Соңғы жаңалықтар