Жарияланды: 500

ШҚО: ірі бұршақ малды қырып, егістікті жайпап кетті

Шығыс Қазақстан облысында ірі бұршақ жауып, 80 бас мал қырылып қалды. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен - Үржар ауданы. Мұнда алдымен нөсер жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласқан.

Мұз түйіршіктерінің диаметрі 13 мм-ге дейін жетіпті. Көлемі жүзім дәніндей бұршақ 5 мың гектар егістік алқабын жайпап өтіп, тұрғындардың бау-бақшаларынан да түк қалдырмаған. Бірталай үй мен он шақты мектептің терезелері қирап, шатырлары тесілген. Абырой болғандажарақаттанған тұрғындар жоқ. Мамандардың айтуынша, жылдың осы мезгілінде бұршақтың жаууы – аймақтағы әдеттегі табиғи құбылыс. Қазір арнайы комиссия залал көлемін анықтауда.

Евгений Шатурный, ШҚО ТЖД баспасөз қызметкері:

-Комиссия шығынға батқан тұрғындарды және қираған ғимараттарды аралап, арнайы тізім жасайды. Сол арқылы материалдық көмек көрсететін боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін