ШҚО мен Павлодар облысында өрттерде 3 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО мен Павлодар облысында өрттерде 3 адам көз жұмды

ШҚО мен Павлодар облысында өрттерде 3 адам көз жұмды

Семейде 5 қараша күні сағат 08. 37-де жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар жалынды бір сағаттан кейін сөндірді.

  • 6 Қараша 2012
  • 364
Фото - Caravan.kz

Оны ауыздықтауға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде егде жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Сондай-ақ кеше сағат 08.05-те Павлодарда, жануарлар фермасының аумағында орналасқан жекеменшік тұрғын үй өртенді.

ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жалынды төрт сағатта өшірді. Тілсіз жауды сөндіру барысында 2 қарт адамның — әйел мен ердің мүрделері табылды.

Соңғы жаңалықтар