Оны ауыздықтауға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде егде жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Сондай-ақ кеше сағат 08.05-те Павлодарда, жануарлар фермасының аумағында орналасқан жекеменшік тұрғын үй өртенді.
ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жалынды төрт сағатта өшірді. Тілсіз жауды сөндіру барысында 2 қарт адамның — әйел мен ердің мүрделері табылды.