ШҚО мұғалімдеріне Ұлыбритания мамандары тіл үйрететін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО мұғалімдеріне Ұлыбритания мамандары тіл үйрететін болады

ШҚО мұғалімдеріне Ұлыбритания мамандары тіл үйрететін болады

Үштілділік білім саласы

  • 29 Қараша 2017
  • 189
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету үшін Ұлыбританиядан мұғалімдер шақырылып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

«Біз елімізде бірінші болып, Президенттің идеологиясына сәйкес, үштілділік білім беруді енгізе бастадық. Үштілділік білім саласында біз алғашқы болып тәжірибелік жұмысты 2 жыл бұрын бастап кеткен болатынбыз. Қазақ тілін орыс мектептерінде, ағылшын тілін барлық мектептерге, орыс тілін ұлттық мектептерге үйрету жолын қайта қарастырдық. Яғни, ғылыми түрде терең зерттей келе осыған дейін оқытып келе жатқан жүйенің тиімсіз екеніне көзіміз жетті. Сондықтан, Кембридж университетінде бар әдістемені негізге алып, менің ойымша, бірегей бағдарламаны жасап шығардық», — дейді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының сөзіне сенсек, қазақ мектептеріне орыс тілін үйрету әдістемесін ресейлік профессор Елизавета Хамраева, орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жергілікті профессор Фаузия Оразбаева әзірлеген.

«Сол секілді ағылшын тілі бойынша жұмыс жүргіздік. Нәтижесі қуанта қоймаса да, педагогиканың лайықты дәрежесі бізде бар. Сондықтан, біз екі жыл бойы Ұлыбританиядан мұғалімдерді шақырып отырмыз. Қазақ тілін біздің ең үздік тіл мамандары үйретеді. Әлбетте, орыс тіліне қатысты бізде ешқандай мәселе жоқ. Бүгінге дейін мұғалімдеріміздің көбінің ағылшын тілінде біліктілігі бар. Бір жыл өткеннен кейін олардың барлығы қалған мұғалімдердің қабілетін шыңдайтын болады», — дейді ол.


Облыс әкімі сонымен бірге, әзірленген бағдарлама тәжірибе ретінде қолға алынған болса да, оны ҚР БҒМ мақұлдағанын сөз етті.

«Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Осы ретте айта кетейін дегенім, ағылшын тілін жаңаша оқыту — латын әліпбиіне көшу кезеңінде қазақ тілін де, ағылшын тілін де меңгеруге қол жеткізуге болатын жолы деп білемін. Келесі жылдан бастап физика, геометрия, математика және химия пәндерінің 200 мұғалімі ағылшын тілінде сабақ беруді үйренетін болады», — дейді Даниал Ахметов.