Жарияланды: 510

ШҚО: найзағай «Семей орманы» резерватындағы өрт оқиғаларына себеп болды

«Семей орманы» ерекше қорғалатын табиғи аумағының екі орман шаруашылығында найзағай салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстанның ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

«Бір өрт оқиғасы Байдәулек, екіншісі Шығыс орман шаруашылығында шыққан, жалпы көлемі 0,02 га орманды жалын жалмап кетті», -деп хабарлайды сейсенбі күні департамент. Залал сомасы нақтыланып жатыр, табиғи өрттерге найзағай себеп болды деп болжанып отыр, деп хабарлайды ведомство.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін