ШҚО: өрт сөндіру қызметінің 25 жастағы сержантын өлтірген қылмыскер табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: өрт сөндіру қызметінің 25 жастағы сержантын өлтірген қылмыскер табылды

ШҚО: өрт сөндіру қызметінің 25 жастағы сержантын өлтірген қылмыскер табылды

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мәйіті үстіміздегі жылғы мамыр айында Ұлан ауданының Бозанбай ауылында табылған Өскемен қаласы өртке қарсы қызметінің 25 жастағы сержантын өлтірген қылмыскерді тапты,

  • 13 Шiлде 2011
  • 360
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзақылық ниетте адам өлтіргені үшін 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Сол күні күдіктілер мен жәбірленуші Ұлан ауданындағы Сибинка өзенінің жағасында арақ ішкендері және жанжалдасып, төбелескендері анықталды. Төбелес кезінде алған жарақаттан жәбірленуші сол жерде қайтыс болған. Күдікті қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысты басқа да тұлғаларды ұстау үшін шаралар қолданылуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің полицейлері арнайы іс-шаралар және жедел іздестіру шараларын өткізу барысында адам ұрлап, ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін іздеу жаряланған 23 — 33 жастардағы Шымкент қаласының үш тұрғынын қолға түсірді. Үстіміздегі жылдың мамыр айында 25 жастағы жәбірленушінің анасы үш бейтаныс адам оның баласын ұрлап, 7,5 миллион теңге талап етіп жатқаны жөнінде полицияға арызданған. Күдіктілер жәбірленуші отбасының қаржылық жағдайын біліп, жәбірленуші достарымен бірге саяжайда болған кезде, түнгі уақытта баса көктеп кіріп, газ баллонын пайдаланып, пайдақорлық мақсатта жәбірленушіні өз еркінен тыс алып кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жәбірленуші қала үйлерінің бірінде аяқ-қолы байланған күйінде табылған. Қазіргі уақытта күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау орынына қамалды, олардың осыған ұқсас, ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар