Жарияланды: 390

ШҚО өрт сөндірушісі әрі велошабандозы Иранда өткізілген жарыста жеңімпаз атанды

ШҚО ТЖД Өрт сөндірушісі Алексей Лялько Иранда өткізілген халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, Қазақстан құрамасының негізгі сапындағы өз орнын мығымдай түсті.

Иранның аймақтарының бірін жалғайтын алты қаладан тұратын 164 шақырымдық жарысқа Германия, Түркия, Жапония, Италия, Испания, Австралия, сонымен қатар Орта Азия елдерінен велошабандоздар қатысты. Алексейдің айтуынша, мұндай ауқымды жарыс оның тәжірибесінде алғаш рет өтіп отыр. «Мен өз күшіме сеніп, қатты тырысып баққаныммен, көшбасшы атанам деп күтпеп едім». Судьялар алқасының пікірінше, шығысқазақстандық спортшының нәтижелері жақсы - 100 қатысушының арасында Лялько ең үздік уақыт көрсете алды. Шығыс Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметінің сержанты Алматы қаласындағы жаттығу жайындарында жүр. Қазақстанның құрама командасы оның ішінде Алексей де маусым айының орта шенінде Сербияда өтетін кезекті жарысқа қатысуға дайындалуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін