ШҚО полицейлері балаларға ең күшті сыйлық - қан тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО полицейлері балаларға ең күшті сыйлық - қан тапсырды

ШҚО полицейлері балаларға ең күшті сыйлық - қан тапсырды

Бүгін өскемендік тәртіп сақшылары  Балаларды қорғау күніне орай ерекше шара өткізді. Полиция қызметкерлері қанға зәру бүлдіршіндер үшін қан тапсырды.

  • 2 Маусым 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары таң атысымен есік алдында тұрған медициналық автобус алдына кезекке тұрды. Олардың арасында қатардағы қызметкерден бастап, басқарма бастықтары да бар. Погондылар науқас сәбилер үшін қан тапсыруға үлкен ықылас білдіріпті. Келгендердің арасында тіпті қан қысымы жоғары полицейлер де кездесіпті; дәрігерлер оларды кері қайтарды. Жалпы кешке дейін созылған шараға 100-ден  астам полиция қызметкері қатысып, қан орталығына  бес литрден астам қан жинап берген.


Қалымбек Құмарғожин, ШҚО ІІД кадр басқармасының бастығы:

-Бізде,әрине,денсаулығы мықты мамандар көп, донорлар да аз емес. Дегенменбүгінгі шара арқылы науқас балаларға жапай көмек бергенімізге қуаныштымыз. 

Соңғы жаңалықтар