ШҚО: қамауда отырған РФ азаматын соққыға жығу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: қамауда отырған РФ азаматын соққыға жығу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді

ШҚО: қамауда отырған РФ азаматын соққыға жығу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді

Шығыс Қазақстанда ОВ 156/17 колониясында қамауда отырған РФ азаматы Роман Ганинді ұрып-соғу фактісі бойынша комиссиялық сот-медициналық сараптама белгіленді, деп хабарлады сәрсенбі күні экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Мұрат Жұманбай.

  • 1 Маусым 2011
  • 681
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта тексеру материалы бойынша нақты жағдайларды анықтап, процессуалдық шешім қабылдау үшін комиссиялық сот-медициналық сараптама белгіленді, оны өткізу ҚР ДСМ «Сот медицинасының орталығы» РМКК Семей филиалының мамандарына тапсырылды», — делінген М. Жұмабайдың ҚазТАГ сұранымына берген жауабында.

Хабарламада айтылғандай, «2011 жылдың 7 мамырында ШҚО бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларының қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша ақпарат қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес тіркелді».

Қаржы полициясы комиссиялық сот-медициналық сараптаманың нәтижесі мен қабылданған процессуалдық шешім туралы жұртшылыққа хабарлайтынына уәде беріп отыр.

Бұған дейін колониядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарланғандай, 7 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖКД бастығы Дулат Ахметов ОВ 156/17 колониясында қамауда отырған РФ азаматы Роман Ганинді ұрып-соққан.

Бұл факт бойынша аймақтық арнайы прокуратура мен қаржы полициясы тексеру жүргізді.

Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті (ҚАЖК) бұл фактіні арандатушылық деп атады. «ШҚО бойынша департамент бастығы қамаудағы азаматты ұрып-соғуға баруы мүмкін емес. Керісінше, ол тәртіпті бақылайды», — деген болатын ҚАЖК ресми өкілі Самал Ғадылбекова.

Ол ҚАЖК тексеру шаралары «2-3 күнге, оқиға орнына бару керек болса (ШҚО-ға) одан да көпке жалғасатынын» айтты. «Осыдан кейін ресми түрде толық жауап береміз», — деген болатын ҚАЖК өкілі.

Алайда ҚАЖК тексеру қорытындысын әлі жариялаған жоқ.

ОВ 156/17 колониясы «қызыл зона» деген атаумен белгілі, онда құқық қорғау органдарының және мемлекеттік құрылымдардың сотталған қызметкерлері жазаларын өтейді, ол Жарма айданының Жаңғыз төбе (Солнечный — ҚазТАГ елді мекенінде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар