ШҚО ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевты жұмыс сапарымен күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевты жұмыс сапарымен күтуде

ШҚО ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевты жұмыс сапарымен күтуде

Бүгін Шығыс Қазақстанға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев басқарған үкіметтік топ келеді.

  • 1 Қараша 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Жұмыс сапарының барысында топ мүшелері аймақтағы жылыту маусымының барысымен және салалық мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысады.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін жұмыс тобы Семей және Зырян қалаларына барады. Семейде делегация коммуналдық нысандардың жұмысымен танысады. Атап айтқанда, әңгіме жылыту маусымының басында отын берудің жаңа торабы іске қосылған «Теплокоммунэнерго» МКК-ның ЖЭС-1 және бюджеттік қаражат есебінен трансформатор қосалқы стансасын орналастыру бойынша жұмыстар орындалған «35 қазандық» жайында болады. Бұдан басқа, Премьер-Министрдің орынбасары «Форма Азия» кәсіпорнын көреді. Биылғы жылдың тамыз айынан бастап кәсіпорында «Жол картасы-2020» бағдарламасының аясында шаршы плиталарды жаңа заманауи әдіс бойынша әзірлеу жөнге салынды.

Зырян қаласында үкіметтік топ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты 2011-2020 жылдары жаңғырту» бағдарламасының іске асырылуымен және шағын қалаларды дамыту бағдарламасының аясында қаланың аудандық қазандығында турбогенераторлар орнатылған «Теплоцентраль» кәсіпорнының жұмысымен танысып өтеді.

Сондай-ақ құрамына Малеевский, Греховский кеніштері мен байыту фабрикасы кіретін «Қазцинктің» тау-байыту кешеніне бару жоспарлануда.

Одан кейін үкіметтік топтың жұмысы облыс орталығында жалғасады. Өскеменнің кәсіпорындарына барғаннан кейін облыс активімен қорытынды кеңес өткізіледі.

Атап өтейік, үкіметтік делегацияның елдің шығысына жұмыс сапарының бағдарламасы екі күнге — 1 және 2 қарашаға созылады.